Бұл Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі.

 Қазақстандық халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі Қазақстанның көлік саласындағы маңызды оқиға. Бұл жетекші көліктік-логистикалық компаниялардың мамандарына инновациялармен, жаңа идеялармен және осы салаға арналған шешімдерімен танысуға мүмкіндік беріп, тұрақты және жаңа серіктестер мен тұтынушылармен қарым-қатынас жасау алаңы болып табылады.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспедиторлар Ассоциациясының стендінде біздің компания «Atasu logistics» ЖШС қатысып, келесі бөлімдерді ұсынды:

 Көлік қызметтері: теміржол тасымалдары, автокөлік, әуе және теңіз көлігі, аралас және мультимодальдық тасымалдар, курьерлік және жедел жеткізу;

Логистикалық қызметтер: жүк ауыстыру терминалдары, сақтау және тасымалдау, қоймалар мен жүктерді өңдеу орталықтары;

Жылжымалы құрам: жабық және ашық вагондар, фитингтік платформалар, ИВТ вагондары;

Кеден қызметтері: брокерлік қызметтер және уақытша сақтау қоймалары қызметі.